
Көпшілігін біздің магистранттар мен докторанттарға арналған оқыту жүйесін қандай онлайн-платформалар арқылы ұйымдастыратынымыз қызықтырады.
Курсқа Қарағанды облысының ауылдық округінің әкімдері мен бөлім басшылары және мемлекеттік қызметшілер қатысты.
2020 жылдың 26 ақпанда, жұмыс сапары аясында филиалға вице -ректор Е.Ш.Дусипов келді. Ұжыммен кездесу барысында ол Қарағанды облысы бойынша филиалдың директоры С.Б. Байбосыновтың тағайындалғандығын жариялады. Академияның даму стратегиясындағы бірқатар мәселелерге тоқталды және лауазымды тұлғаларға бірқатар тапсырмалар берді.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы ректорының бұйрығына сәйкес, Серікжан Берікбайұлы Байбосынов 2020 жылдың 26 ақпанынан бастап Қарағанды облысындағы Академия филиалының директоры болып тағайындалды.
2020 жылғы 20.01-07.02 аралығында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш кірген мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курсы сәтті аяқталды.
Курсқа Қарағанды облысының мемлекеттік мекемелерінің қызметшілері қатысты.
Келген жаңа жылдың 13 қаңтар күні, Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында «Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қарағанды облысы бойынша Департаменті» РММ-ң жанында құрылған Қарағанды облыстық ақпараттық-насихат Штабының кезекті отырысы өтті (Штаб құрамы барлығы – 12 адам).
Жақында Халықтар Достығы орденді Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық Қазақ драма театры, ҚР Үкіметінің қауылысымен Академиялық театр атағына ие болды.
Мемлекеттің талабы, мемлекеттік органдарға кездейсоқ адамдар емес, арнайы дайындалған, сауатты, құзыретті, тек кәсіби емес, сондай-ақ белгілі бір жеке қасиеттері бар мамандар жұмысқа келуге мүдделі екені.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру семинарлары, мемлекеттік органдарда үнемі сұранысқа ие болатындығы байқалады,
Қараша айының бірінші күнінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалында Астанадан келген қонақ, жазушы — Жан Ақжановпен кездесу өтті.
2019 жылдың 21-23 қазан күндері ҚР-сы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалында, оқыту кестесіне сәйкес біліктілікті арттыру семинары «Мемлекеттік басқарудағы Үлкен Деректерді талдау (BIG Data)» тақырыбында өтті, 18 мемлекеттік қызметші қатысқан.
2019 жылдың 21-23 қазан күндері ҚР-сы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалында, оқыту кестесіне сәйкес «Әлеуметтік шиеленістердің алдын алудағы еңбек құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері» тақырыбында біліктілікті арттыру семинары өтті. Топтағы білім алған 18 мемлекеттік қызметші, облыстың Қарқаралы, Ақтоғай аудандары, Балхаш, Қаражал, Қарағанды қалаларының мемлекеттік органдарының өкілдері болды.
17.10.2019 жылы » » мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру аясында ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалының оқытушысы А.И.Сүлейменовамен Бұқар Жырау ауданының Ғ. Мұстафин және Қушоқы елді мекендерінің
2019 жылдың 17 қазанында Қарағанды облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-да «Development Day» шеңберінде «ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы» Қарағанды облысы бойынша филиалының аға оқытушысы Ә. И. Тазабеков «Проблемаларды кешенді шешу» тақырыбында семинар өткізді.