Жаңалықтар

АКАДЕМИЯДА ОНЛАЙН-ОҚЫТУ ҚАЛАЙ ҚҰРЫЛАДЫ?

Көпшілігін біздің магистранттар мен докторанттарға арналған оқыту жүйесін қандай онлайн-платформалар арқылы ұйымдастыратынымыз қызықтырады.

Дегенмен біз, олардың басым бөлігін көп уақыттан бері пайдаланып келеміз!

Магистратура мен докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша оқу процесі – ?LMS #Canvas платформасы негізінде өтеді. Канвас жүйесінде Академия 2018 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Ал, 2019-2020 оқу жылының басынан бастап Академия Canvas-тың жергілікті нұсқасын пайдаланады. Бұл сервер пайдаланушылардың мәліметтерін және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ, аталмыш жүйе ?#Platonus ИС-пен сәтті ықпалдастырылғандықтан, мұнда оқытушылар мен білім алушыларды курстар мен аккаунттарға бекіту, Canvas-тан Platonus-қа қорытынды бағаларды енгізу, білім алушылардың транскрипттарын жазу процесстері автоматтатты түрде орындалып отырады.

Онлайн оқытуға көшудегі басты алғышарттардың бірі – бір уақытта және бір мезгілде бірнеше онлайн сабақ өткізу болды. Канвас жүйесі – сабақтарды онлайн трансляциялауды да қарастырады және мұндай деңгейде сабақтарды онлайн өткізу тәжірибесінен Академия өтті деуге болады. Алайда, жергілікті серверді жеңілдету үшін қолда бар ? #MicrosoftTeams бағдарламасын пайдалану ең тиімді шешім болды. Барлық қызметкерлер, оқытушылар мен білім алушылардың Microsoft Teams жүйесінде жеке аккаунттары болғандықтан, олар бұл серверге тестілік режимде – компьютер, ноутбук, планшет, ұялы телефон арқылы қосылып отырды.

Нәтижесінде жүйеге 30-дан астам адам қосылып, Teams мүмкіндіктері тағы бір мәрте тексерістен өтті.