Курсқа Қарағанды облысының ауылдық округінің әкімдері мен бөлім басшылары және мемлекеттік қызметшілер қатысты.
?Оқу бағдарламасына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің стратегиялық ойлау, бірыңғай және болашақ құзыретттіліктерін арттыру үшін филиалдың профессор-оқытушылар құрамы мен мемлекеттік мекемелердің тәжірибелі мамандары жүргізді. Сабақтар интерактивті пікірталастар мен шағын топтармен жұмыс түрінде өткізілді.
?Курсты қорытындылау бойынша тыңдаушылар қорғаған жобалық жұмыстарының тақырыптары да аймақтағы өзекті мәселелерге арналған. Мысалы: «Қарағанды қаласындағы Сарыарқа этнокешенінің құрылысы», Балқаш қаласында «Саябақ» құрылысы, «Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылдық округінде балалар ойын алаңын салу», «Строительство животноводческого комплекса на 400 голов КРС в с.Жансары Осакаровского района» , «Берекелі шаңырақ», «Нұра ауданында мал бордақылау алаңын ашу», «Қарқаралы қаласын техникалық сумен жабдықтау», «Жаңаарқа ауданында қымыз шығаратын цех салу».
Курсты бітірген тыңдаушыларға арнайы үлгідегі куәліктер табысталды.
2020 жылғы 10-28 ақпан аралығында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік басшы лауазымына алғаш тағайындалған және әкімшілік қызметке алғаш кірген мемлекеттік қызметшілердің қайта даярлау курстары өтті.
