Жаңалықтар

Елбасымыздың халыққа жолдаған бұл үндеуі халқымыздың ынтымағын одан әрі нығайтуға серпін берері сөзсіз!

Күні кеше Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласы жарыққа шықты. Елбасымыздың халыққа жолдаған бұл үндеуі халқымыздың ынтымағын одан әрі нығайтуға серпін берері сөзсіз!

Елбасымыздың бұл жолдауы Академия назарынан да тыс қалмады. Осыған орай, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының бірінші вице-ректоры Дүсіпов Еркін Шажаұлы аталмыш үндеуге қатысты өзінің көзқарасы мен пікірін білдіріп өтті:

«Н.Ә.Назарбаев халқына өз үндеуін жариялады. Бұны біз Елбасы тарапынан қиын-қыстау кезеңде халқына, еліне танытқан зор ықыласы, ілтипаты деп білеміз! Мемлекетіміз жүргізіп отырған оңтайлы саясат нәтижесі көптеген жетістіктерге жетелейтінін баса мәлімдеген Елбасы, халқымызға төнген бұл індетті де бірігіп жеңе алатынымызды баса айтты. Бүгінгі күндегі негізгі мақсат, ол әрине, ең алдымен, індетке қарсы жұмысты күшейту, оның зардабын мейлінше жою, экономиканың даму бағытын мейлінше сақтап, тұрақтандыру.

Қазақ елі бұдан да ауыр кезеңдерді басынан өткергеніне тоқталған Елбасы, әсіресе, 90-жылдардағы, қиын-қыстау заман уақытын да негізге алды. Сондықтан мұндай жағдайда барынша сабырлық көрсетіп, байсалдылық танытқан жөн!

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен үкімет тарапынан іске асырылып отырған шұғыл шараларды қолдауға шақырды. Елге төнген қатерді барлығымыз бірігіп қана жеңе алатынымызға үлкен сеніммен қараған Елбасы, бизнес саласынының азаматтарын қолдау қажет екендігін атап өтті. Қазіргі таңда індет өршіп тұрған кезеңде бұл саланың мұқтаж жандарға көмек көрсетіп жатқандығына зор ықыласпен қарау керек. Сол себепті бұл істі әрі қарай дамыту керек екендігін естен шығармаған абзал!

Барлығымыз осы үндеуде көрсетілген іс-шараларды атқаруға бірігіп кірісер болсақ, бұл қатерді жеңе алатынымыз сөзсіз! Сондықтан бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаратын сәт туды деп есептеймін!»

«КЕЛЕЛІ ІСКЕ — КЕМЕЛ КӨЗҚАРАС», демекші, Елбасымыздың жолдауы Академия институттарын, облыс филиалдарын және орталық қызметкерлерін де бей-жай қалдырмады. Еліміздегі орын алған жағдайға қатысты әріптестеріміз де пікірлерін айтып, пайымдарымен бөлісе өтті!