Жаңалықтар

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш кірген мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курсы сәтті аяқталды

2020 жылғы 20.01-07.02 аралығында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш кірген мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курсы сәтті аяқталды.
Курсқа Қарағанды облысының мемлекеттік мекемелерінің қызметшілері қатысты.
Мақсаты: Мемлекеттік қызметшінің жұмыс тиімділігін арттыру үшін құзыреттерді дамыту болып табылады.
Оқу бағдарламасына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің стратегиялық ойлау, бірыңғай және болашақ құзыретттіліктерін арттыру үшін филиалдың профессор-оқытушылар құрамы мен тәжірибелі мамандар өткізді.
Курсты қорытындылау бойынша тыңдаушылар қорғаған жобалық жұмыстарының тақырыптары да аймақтағы өзекті мәселелерге арналған.
Оқытуды бітірген барлық тыңдаушыларға арнайы үлгідегі куәліктер табысталды.