Жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшілерге еңбек заңнамасынан

2019 жылдың 21-23 қазан күндері ҚР-сы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалында, оқыту кестесіне сәйкес «Әлеуметтік шиеленістердің алдын алудағы еңбек құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері» тақырыбында біліктілікті арттыру семинары өтті. Топтағы білім алған 18 мемлекеттік қызметші, облыстың Қарқаралы, Ақтоғай аудандары, Балхаш, Қаражал, Қарағанды қалаларының мемлекеттік органдарының өкілдері болды.

Семинардың мақсаты — мемлекеттік қызметшілердің кәсіби құзыреттілігін жетілдірудегі еңбек заңнамасын қолдану мәселелері болып табылды.
Нәтижесінде семинарға қатысушылар алған білім, еңбек заңнамасы саласындағы құқықтық нормаларды, сондай-ақ желіні дамытудағы пайдалану дағдыларды іс жүзіне асыру болды.