Жақында Халықтар Достығы орденді Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық Қазақ драма театры, ҚР Үкіметінің қауылысымен Академиялық театр атағына ие болды.
Өнерлі жерлестеріміздің осы дәрежесіне құрмет көрсеткендей, өңірдегі ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалының қайта даярлау курсына келген 3 топ мемлекеттік қызметшілер театр көрермендері болды.
Сахана ашылғанға дейін, келген қонақ 90 жылға тарта тарихы бар театрдың мұражайын тамашалады.
Театрдың шымылдығын ашқан Т. Нұрмағанбетовтың «Табалдырығыңа табын» драмасы болды. Қойлымды тамсана қызықтаған тындаушы-көрермен, рухани байлықтың негізін көріп, көптеген ой-пікірмен театрдан қайтты.
Бүгінгі күндері театр басшысы, әрі көркемдік жетекшісі, ҚР мәдениет қайраткері Сансызбай Бекболатов бастаған театр ұжымы, көрші мемлекет, Қырғыз Республикасында өнер көрсетуде.
Сәттілік тілейік ағайын!
Өнерлі өңірдің – өнерлік деңгейі
