Біліктілік талаптары:
Профессор – PhD докторы немесе бейіні бойынша доктор (мүмкіндігінше шетелдік жоғары оқу орны) дәрежесінің не ғылыми дәрежесінің болуы, ғылыми-педагогикалық қызметте және/немесе мемлекеттік қызметте кемінде 8 жыл жұмыс өтілінің және/немесе Филиал бейіні бойынша жоғары басқару буынының басшылық лауазымдарында практикалық жұмысының болуы;
Доцент – PhD немесе бейіні бойынша докторы дәрежесінің (мүмкіндігінше шетелдік ЖОО-ның) не ғылыми дәрежесінің болуы; ғылыми атағының болуы (мүмкіндігінше), ғылыми-педагогикалық қызметте және/немесе мемлекеттік қызметте және/немесе филиалдың қызметі бойынша еңбек өтілі кемінде 5 жыл;
Аға оқытушы – PhD немесе бейіні бойынша докторы дәрежесінің (мүмкіндігінше шетелдік ЖОО-ның) не ғылыми дәрежесінің болуы; не магистр дәрежесінің болуы, ғылыми-педагогикалық қызметте және/немесе мемлекеттік қызметте және/немесе филиалдың қызметі бойынша еңбек өтілі кемінде 3 жыл.
Конкурсқа қатысуға тілек білдірген тұлғалар Академияның филиалы директорының атына өтініш (еркін үлгіде) береді.
Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) персоналды есепке алу парағы немесе түйіндеме;
2) жоғары білімі, академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атағы туралы құжат және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы;
3) профессор-оқытушы құрамының бос лауазымдарына орналасу үшін білім беру бағдарламасы бойынша жоба презентациясы (электрондық нұсқада, көлемі 4 слайдтан көп емес);
Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне (ғылыми жарияланымдарының тізімі, алдындағы жұмыс орнының басшылығынан ұсыным) қатысты қосымша ақпаратты, сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын қосымша құжаттарды ұсынуға құқылы.
Презентация үшін мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру семинарларының кемінде 2 тақырыбын және қайта даярлау курстарының кемінде 2 пәнін дайындау қажет.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну өтінішті қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысуға тілек білдірген тұлғалар Академия филиалы директорының атына өтініш береді.
Конкурсқа құжаттарды тапсыру мерзімі – хабарландыруды жариялаған күннен бастап 20 күнтізбелік күннен кеш емес, сағат 09.00-ден 18.30-ге дейін 2021 жылдың 08 қаңтарынан бастап 2021 жылдың 27 қаңтарына дейін.
Құжаттарды қабылдау қолма-қол немесе пошта арқылы немесе электрондық пошта бойынша жүргізіледі.
Конкурстың өтетін жері: филиалдың ғимаратында немесе видео-конференс-байланыс арқылы.
Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, С. Сейфуллин даңғылы, 8/2 үй, 5 қабат.
Тел.: 8(7212)44-54-91,
8-708-236-11-06,
8-778-961-10-82
Гүлнұр Қарамырзақызы
Эл. мекен-жай:
krg.info@apa.kz
g.beiseke@apa.kz