Жаңалықтар

ХҚКО-да Development Day

2019 жылдың 17 қазанында Қарағанды облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-да «Development Day» шеңберінде «ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы» Қарағанды облысы бойынша филиалының аға оқытушысы Ә. И. Тазабеков «Проблемаларды кешенді шешу» тақырыбында семинар өткізді.

Тыңдаушыларға проблемаларды талдау және анықтау бойынша қазіргі заманғы әдістеме ұсынылды, оларды шешу технологиялары анықталды. Қабылдаушы тараптың пікірлері бойынша, олар үшін ақпарат тәжірибелік тұрғыдан пайдалы болып табылады.