» БОС ОРЫНДАР

БОС ОРЫНДАР

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, КОНКУРС!

 

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалы Білім беру бағдарламаларын іске асыру және ілгерілету Кабинетінің меңгерушісі лауазымына білікті үміткер іздейді.

Сіз: Академияның стратегиясына және Филиалдың негізгі міндеттері мен функцияларына сәйкес стратегиялық жоспарлауға, тиімді қызметті ұйымдастыруға және басқаруға; филиалдың тиісті бағыттары бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін академиялық саясат пен процедураларды (қолданыстағы білім беру бағдарламаларының мониторингі мен жетілдірілуі, пән бағдарламаларын әзірлеу, ағымдағы, аралық және қорытынды бақылау формаларын анықтау) әзірлеуге және енгізуге; оқытудың бағыттары, нысандары мен түрлері (күндізгі, аралас, қашықтықтан) тұрғысынан ғылыми негізделген зерттеу әдістерін қолдана отырып, мемлекеттік қызметшілерді оқыту қажеттілігін зерттеу үшін аналитикалық есепті жинау, өңдеу, талдау және дайындау процесін ұйымдастыруға; оқу бағдарламасына енгізілген қайта даярлау оқу бағдарламаларын, біліктілікті арттыру семинарларының типтік бағдарламаларын қоса алғанда, мемлекеттік қызметшілердің/басқа тұлғалардың мансаптық жоспарлау бағдарламаларын (қайта даярлау курстары) және біліктілігін арттыру (біліктілікті арттыру семинарлары) жобалау мен әзірлеу процесін ұйымдастыруға; мемлекеттік қызметшілерге/басқа тұлғаларға мансаптық жоспарлау мен біліктілікті арттыру бағдарламаларының негізгі бағыттары бойынша сабақ жүргізетін адамдарды іздеу/жалдау процесін ұйымдастыруға; дәріс берушілер/жаттықтырушылар/сарапшылардың мәліметтер базасын үнемі қалыптастыруға және жаңартуға; Академия филиалында өткізілетін мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстары мен біліктілігін арттыру семинарларының сапасын анықтау үшін мемлекеттік органдармен тығыз өзара іс -қимылды ұйымдастыруға; бағдарламаларды әзірлеу бағыттарын талқылау мақсатында мемлекеттік органдармен өзара іс -қимыл жасауғв қатысасыз.

Сізге іріктеуден сәтті өту үшін мыналар қажет:

  • Жоғары білім (шетелдік жоғары оқу орны дипломының болғаны жақсы) магистр дәрежесінің болуы, сондай-ақ, PhD дәрежесінің немесе профиль бойынша доктор немесе ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы болуы жақсырақ;
  • Қажетті кәсіптік тәжірибе: білім беру ұйымдарында немесе мамандығы бойынша басшы лауазымында және/немесе мемлекеттік қызметтегі жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жыл;
  • алдыңғы жұмыс орнынан ұсыныс хат;
  • біліктілікті арттырудың және/немесе оқыту бағдарламаларына қатысудың қазақстандық және халықаралық сертификаттары;
  • қазақ және орыс тілдерін еркін меңгеру.

Егер Сіз өзіңізді осы лауазымға лайықтымын деп санасаңыз, өз үлесіңізді қосуға және бізбен бірге үздіксіз дамуға дайын болсаңыз, өз түйіндемеңізді 2021 жылдың 09 қыркүйегіне дейін krg.info@apa.kz адресіне жіберіңіз.