Жаңалықтар

Жазушымен кездесу

Қараша айының бірінші күнінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалында Астанадан келген қонақ, жазушы – Жан Ақжановпен кездесу өтті.
Жергілікті өіңірлерден қайта даярлау курсына дәріс алуға келген мемлекеттік қызметшілер, автормен жолығып, бүгінгі сыбайлас-жемқорлықтың аяғын бастырмай, табанын қиюға жасалып жатқан шаралармен қатар, бүгінгі ортаныңда (азаматтық қоғам), жеке адамныңда, үлесі бар екенін және оның тиімділігі өте жоғары екенін білдірді.
Жан Ақжанов- жазушы, «Сенің тунгі күнің», «Солнце улыбнется тебе», «Сладкий дождь», «Путь врача», атты щағармаларының авторы. Шығарма иесі өзінің бүгінгі күннің көптің бірі болып тұрған мәселе сыбайлас –жемқорлыққа қарсы іс-қимылды, билік өкілдерімен қатар қарапайым халықтың да атсалысуы қажет екенін және оның өзіндік орны бар екенін айтты. Басқа да, жазылған кітап-шығармаларының төркіні де, осы бағытты белгілейді екен.
Бұл кездесуге бастама жасаған ҚР-ң Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі болды деп хабарланды. Оразхан Асхат Оразханұлы- Казақстан Республикасынын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қиймыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қарағанды облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары болды, тындаушылардың жан-жақты берілген сұрақтарына, әсіресе сұрақтың түйінді жерлеріне мысал келтіріп, жауап беріп отырды.