Новости
академии

30
Апрель
КӨПШІЛІК АЛДЫНДА СӨЙЛЕУ ДАҒДЫЛАРЫ: СТЕЙКХОЛДЕРЛЕРМЕН ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУ

2024 жылдың 26, 29-30 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиал қабырғасында басқарма басшылары үшін көпшілік алдында сөз сөйлеудің және стейкхолдерлермен өзара іс-қимылдың маңызды дағдыларына арналған семинар өтті.
Семинарды жүргізген сарапшылар:
Байменов Әлихан Мұхамедияұлы — Қазақстанның мемлекет қайраткері, Астанадағы Мемлекеттік Қызмет Хабы басқарушы комитет төрағасы.
Санди Султан – Телерадио жүргізушісі, тәлімгер, байланыс жөніндегі медиатр, спикерлерді даярлау.
Бекбаев Асыл Толегенович – бизнес-тренер, тәлімгер, бизнес және жеке өсу саласындағы кеңесші.
Тлеубергенова Дайнара Алдабергеновна – «ҚАЗАВИАҚҰТҚАРУ» АҚ Ішкі аудит қызметінің басшысы.
Карла Джаманкулова – «Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қорының президенті. Саяси және қоғамдық коммуникациялар саласындағы сарапшы.
Бұл семинарда тыңдаушылар аудитория алдында тиімді сөйлеуді, назар аударуды және негізгі хабарламаларды жеткізуді үйренді. Стейкхолдерлермен өзара әрекеттесу кезінде тыңдаушылар әртүрлі қызығушылық топтарымен, соның ішінде жұртшылықпен, бизнеспен және мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесу әдістерімен танысты. Сондай-ақ, олар көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын жаттықтыра алды және сарапшылардан кері байланыс алды.

 

Показать все