
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалында басшылық лауазымдарға тағайындалған мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстары аяқталды (23.09-11.10.2019 жыл).
Қазіргі заманғы қоғамның жұмыс істеу тиімділігі мемлекеттік қызмет жұмысының нәтижелілігіне тікелей байланысты, ол өз кезегінде қызметшілердің жұмыс сапасына, олардың кәсіби әлеуетіне, оны белсендіре білуіне және қызметшілердің өздері де, сондай-ақ олардың басшыларының да оңтайлы пайдалануына тікелей байланысты. Мемлекеттік қызметтегі басшылардың кәсіби құзыреттілік деңгейіне көп жағдайда, олардың жеке қасиеттері мен мемлекеттік билік органдарының тиімді жұмыс істеуі ықпал етеді.