Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалында басшылық лауазымдарға тағайындалған мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстары аяқталды (23.09-11.10.2019 жыл).
Қазіргі заманғы қоғамның жұмыс істеу тиімділігі мемлекеттік қызмет жұмысының нәтижелілігіне тікелей байланысты, ол өз кезегінде қызметшілердің жұмыс сапасына, олардың кәсіби әлеуетіне, оны белсендіре білуіне және қызметшілердің өздері де, сондай-ақ олардың басшыларының да оңтайлы пайдалануына тікелей байланысты. Мемлекеттік қызметтегі басшылардың кәсіби құзыреттілік деңгейіне көп жағдайда, олардың жеке қасиеттері мен мемлекеттік билік органдарының тиімді жұмыс істеуі ықпал етеді.
Сабақ барысында филиалдың профессорлық-оқытушылық құрамы мен кәсіби мамандардың қатысуымен тыңдаушылар көшбасшылық, қызметті басқару, жеделділік, ынтымақтастық, күйзеліске төзімділік, парасаттылық, шешімдер қабылдау және өзін – өзі дамыту сияқты қажетті құзыреттерін дамытып, жетілдірді.
Сабақ өткізу форматы: интерактивті дискуссиялар, іскерлік ойындар, топтық презентациялар, кейс-стади, тренингтер және т. б.
Мақсаты: басшы лауазымдағы міндеттерді тиімді орындау.
Курс қорытыныдысы бизнес, әлеуметтік сала, туризм, білім беру және тұрғын-үй комуналдық шаруашылық салаларына қатысты топтық жобалар қорғалды.
Жобалық топтар өз жұмыстарын табысты қорғап, атқарылған жұмыстары жоғары бағаланды.