Жаңалықтар

Development Day

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің халыққа Жолдауында, қазақстандық қоғам елді реформалаудың жаңа кезеңінде тұрғанын және осыған байланысты мемлекеттік органдар қойылған міндеттерді сапалы орындау қажеттігін ерекше атап өтті. Еліміздің әрбір тұрғыны оң өзгерістерді сезінуі тиіс. Азаматтардың барлық сауалдарына жедел және тиімді жауап беретін «естейтін мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру бірінші кезектегі міндет болып табылады. Бұл үдерісте барлық жауапты және мүдделі мекемелердің күш-жігерін біріктіру маңызды.

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы филиалының профессорлық-оқытушылық құрамы Қарағанды қаласының Халыққа қызмет көрсету орталықтарында HR-менеджментін енгізу және жүзеге асыру үдерісіне белсенді қолдау көрсетуде. «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қарағанды облысы бойынша директорымен бекітілген және Академия филиалының директорымен келісілген» Development Day » өткізу кестесі жасалған.

05.09.2019 ж. – 02.10.2019 ж. аралығында доцент Туркенов Т. К. ХҚКО басшыларымен және қызметкерлерімен келесі тақырыптар бойынша семинар-тренингтер өткізді: «Орамды динамика», «Басшының эмоционалдық интелектісі». Кері байланыс тыңдаушылардың осындай кездесулерде жоғары қызығушылығын және кәсіби қызметте алынатын құзыреттіліктің практикалық маңыздылығын көрсетті.