» Мәдениетпен ұштасқан мемлекеттік қызмет

Жаңалықтар

Мәдениетпен ұштасқан мемлекеттік қызмет

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалының тындаушылары, академияның жалпы оқыту-тақырыптық бағдарламасынан тыс, өңірдегі мемлекеттік қызметшілерінің рухани көз-қарасын кеңейтуде және мәдениеттік, патриоттық тәлім-тәрбие беруде атқарып жатқан шаралары аз емес.

 Соның бірі Қарағандыдағы мәдени өнердің қара шаңырағы, Сәкен Сейфуллин атындағы театрға бару .
2019 жылдың 2 қазан күні, «Жергілікті өзін-өзі басқарудың реформаларын іске асыру құралдары» тақырыбында біліктілігін арттыру курсына келген, жергілікті атқарушы билік органдарының бас мамандары: Кенжегүль Төлеугазимова – Балхаш қаласының Саяқ кентінен, Жаңаарқа ауданының ішкі саясат бөлімінен – Нургуль Аубакирова, Шет ауданы Ақшатау кентімен, Кәрім Мыңбаев атындағы округінан – Болат Жетписов, Сакен Спатаев және Қарқаралы ауданы ауыл шаруашылық бөлімінен – Гаухар Жилмасовалар, белгілі режисер Н.Жұманиязовтың «Фариза мен Мұқағали» лирикалық драмасын қызықтап қайтты.