Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік басқару Академиясы Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттырудың қысқа мерзімді семинарлары мен қайта даярлау курстарын әзірлеу және өткізу үшін сарапшылар жиынтығын жариялайды.
Біліктілік талаптары:
- Мемлекеттік қызмет және/немесе квазимемлекеттік сектор саласында практикалық жұмыс тәжірибесінің болуы;
- Тренингтер өткізу тәжірибесі (Мемлекеттік және/немесе квазимемлекеттік секторларда) кемінде 3 жыл;
- Жоғары білім/магистр дәрежесінің болуы, PhD дәрежесінің болуы құпталады;
- Мемлекеттік және орыс тілдерін меңгеру;
- Оқытудың интерактивті әдістерін меңгеру;
- Таңдалған тақырыптар бойынша тәжірибеге бағытталған кейстерді әзірлеу тәжірибесі (жақсырақ мемлекеттік басқару және Мемлекеттік қызмет саласында).
Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстарының бағыты (тәртібі):
1. Проактивті ойлау және жеке тиімділік
2. Тиімді коммуникациялар (мемлекеттік тілде)
3. Ойлау дизайны және адамға бағдарланған трансформация
4. Халық үніне құлақ асатын мемлекет: халықпен және азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл құралдары
5. Ең алдымен – адамдар: мемлекеттік қызметтер сапасын арттырудың практикалық құралдары (мемлекеттік тілде)
6. Құқықтық мәдениет және сауаттылық
7. Е-өтініш: азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу
8. Әйелдер көшбасшылығы
9. Құзыреттілікті дамыту: жеделдік, өзін-өзі дамыту, күйзеліске төзімділік
10. Мемлекеттік қызметшілердің әдебі мен беделі
11. Мемлекеттік басқарудағы цифрлық трансформация
12. Ұйымдық мәдениет: басшының басқарушылық ресурсы
13. Бюрократиядан арылту және мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру (мемлекеттік тілде)
14. Шығармашылық индустриядағы үрдістер мен инновациялар: мемлекеттік органдар үшін перспективалар
15. Кәсіби коммуникациялар және шиеленістерді басқару
16. Объективті деректер негізінде басқарушылық шешімдерін қабылдау
17. Стратегиялық менеджмент және көшбасшылық
18. Эмоционалды және витальді интеллект
19. Жергілікті атқарушы органдардың қызметіндегі мемлекеттік сатып алу (өңірлік компонент)
20. Мемлекеттік қызметтегі құндылықтар. Ынталандырушы корпоративтік орта
21. Тұрақты сын-тегеуріндер және белгісіздік жағдайындағы трансформациялық көшбасшылық
22. Кәсіби әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез құлық (мемлекеттік тілде)
23. Жобалық менеджмент. ҚР СТ ISO 21502-2022 стандарты бойынша сертификаттауға дайындық (мемлекеттік тілде)
24. Сыни тұрғыдан ойлау және инновация: жаңа шешімдер мен тәсілдер
25. Қақтығыстарды реттеу және этномедиация
26. Жергілікті атқарушы органдардағы мемлекеттік қызметтер және қызмет тұтынушыға бағдарлану (өңірлік компонент)
Іріктеуге қатысу үшін сізге 2024 жылдың 12 қаңтарына дейін келесі құжаттарды электрондық поштаға жіберу қажет krg.info@apa.kz
- Түйіндеме (үлгі бойынша)
- Ұсыныс хаттар
- Жоғары білім туралы құжат (магистратура, PhD)
- Таңдалған тақырып бойынша Презентация
Байланыс тұлғалар: Абыласимов Мурагер Настаевич, +7 700 328 9486