» Бүгін Академияның Қарағанды облысы бойынша филиалында шабыт пен мотивацияға толы ерекше күн болды.

Новости

Бүгін Академияның Қарағанды облысы бойынша филиалында шабыт пен мотивацияға толы ерекше күн болды.

Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы Нұркен Кобжанов, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалының қайта даярлау тыңдаушыларымен кездесу өткізді.
?Бұл білім, идея және тәжірибе алмасу уақыты болды. Нұркен Сайфиддинұлы кез келген салада табысқа жету үшін үздіксіз білім беру мен өзін-өзі дамытудың маңыздылығы туралы өз ойларымен бөлісті. Оның сөздері тыңдаушыларды жігерлендіріп, жаңа жетістіктерге шабыттандырды.