2024 жылдың 25-26 сәуірінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры Серікжан Берікбайұлы Академияға түспек болған Саран және Шахтинск қалаларының мемлекеттік қызметшілері үшін маңызды іс-шара өткізді.
Күн тәртібінде не болды:
?️ Жеке кеңес беру: қатысушылар мемлекеттік қызметте кәсіби жолды таңдау туралы шешім қабылдау үшін тәжірибелі мамандармен кездесті.
? Оқу бағдарламасымен танысу: Академия ұсынатын курстар, мастер-класстар мен семинарлар ұсынылды. Бұл болашақ магистранттар мен докторанттарға оқу барысында қандай білім мен дағдыларды алатынын түсінуге көмектесетін болады.
? Мансаптық перспективаларға шолу: қатысушылар академияны бітіргеннен кейін олардың алдында ашылатын мүмкіндіктер туралы білді. Мемлекеттік қызмет – бұл құрметті атақ қана емес, сонымен қатар қоғам алдындағы жауапкершілік.