2021 жылдың 5-7 қарашасы аралығына жоспарланған ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалында облыстық басқармалардың басшылары мен орынбасарлары, Қарағанды облысы бойынша қалалар мен аудандар әкімдерінің орынбасарлары үшін «Жобаларды басқару» тақырыбындағы оқыту семинары бастау алды.

Семинардың мақсаты – өңірдегі мемлекеттік қызметшілердің арасында жобалық менеджментті кеңірек насихаттау, олардың өз қызметінде жобалық менеджменттің әдістемелерін кеңінен қолдануына ықпал ету. Аталған іс-шараға Қарағанды облысы әкімінің аппараты және жекелеген басқармалар өз тарапынан зор қызығушылық танытып отыр. Көрсетілген тақырып бойынша жан-жақты дәріс оқуға, жобалық басқарудың қыр-сырын үйретуге Нұр-Сұлтан қаласынан осы саланың нағыз шеберлері де шықырылды. Олар:

ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Қуанышұлы Әбіл;

ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясыныңқолданбалы зерттеулер және халықаралық әріптестік орталығының басшысы Анар Сатыбалдықызы Есенгелдина.

Жылдам қарқынмен өзгеріп жатқан заманда жобалық басқару, жобамен жұмыс істеу – ең керек құзіреттіліктердің бірі екені дәлелденген. Олай болса тыңдаушыларға зейін тілейміз.


