Жаңалықтар

Жобаларды басқару жөніндегі нұсқаулық

Мемлекеттік секторға жобалық менеджментті енгізу: шетелдік тәжірибе. Жобаларды басқару стандарттары қазіргі таңда мемлекеттік қызметтегі негізгі мәселелердің бірі десе де болады. Әсіресе ҚР СТ ISO 21500-2014 «Жобаларды басқару жөніндегі нұсқаулық» стандарты бойынша практикалық білім алу және сертификаттауға дайындықтан өту мақсатында ағымдағы жылдың 19-23 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен мемлекеттік қызмет саласында басшылық лауазымға тағайындалғандарға арналған «Жобалық менеджмент қағидаттары» атты біліктілікті арттыру семинары бастау алды. Бұл семинарды жүргізетін – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры Серікжан Берікбайұлы Байбосынов. Бұндағы мақсат жоғарыда айтылғандай ҚР СТ ISO 21500-2014 «Жобаларды басқару жөніндегі нұсқаулық» стандарты бойынша сертификациядан өту. Сонымен қатар мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтар жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілік , ұжымда тиімділікті арттыру, болып жатқан өзгерістерді талдау және жұмысты жақсарту бойынша уақтылы шаралар қабылдау сияқты құзыреттерді арттыу көзделмек.