Жаңалықтар

Үш онжылдықты сермеп өткен — Тәуелсіз ел.

?Отыз жылда және оның әрбір онжылдығында елімізде әртүрлі стратегиялық өзгерістер орын алған болатын. Бүгінгі таңда, әлемде абыройлы санаттағы мемлекеттер қатарында бой түзеп отырмыз. Осының барлығы уақытылы қабылданған шешімдердің қорытындысы болу керек. 

Президентіміздің мақаласында қол жеткізген тарихи кезеңдер айқындалып, болашаққа деген көзқарасы жарияланған.
? Ұлағат пен ұстаным бөлімінде, жаһандану заманындағы білім мен біліктіліктің маңыздылығы жайлы айтылған. Бұл әрбір дамыған елдің аса қатты көңіл бөлетін мәселелердің бірі. Себебі, өзгерістерге бейімделіп, таңдай қақтырар нәтижелерге жеткізетін білімді, әрі білікті қарапайым адамдар. Осындай адами капиталы мол мемлекеттер жалғыз қаржылай байып қоймай, бәсекеге қабілетті орта қалыптастырады. Әсіресе, айтылған қасиеттерге толы жастар буындары үлкен сұранысқа ие болмақ.
?Сондықтан, жастардың компьютер ойындарындағы кейіпкерлерді емес, өздерінің бойындағы жақсы қасиеттер мен қабілеттерді дамытуға ұмтылса деген ой туындайды.