Жаңалықтар

Ұлт руханиятын ұлықтаған ұлы ұстаз!


Қарағанды әрқашан ар да азаматтарымен мақтанады. Ел мақтағаны дұрыс қой әрине. Олай болса өзінің саналы ғұмырын ағартушылық қызметке жұмсап, ұлттық құндылықтарды ұрпаққа ұлағаттаудағы ұлы істерімен арқа өңіріне тер төккен Серік Хамзаұлы бүгін 65 жасқа толып отыр. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалында көп жылдар еңбек етті. Әсіресе өңірдегі мемлекеттік қызметте жүрген азаматтардың көкейіне білім дәнін,тадами асыл қасиеттер тұқымын егуде қажырлы қайратымен есте қалды. Аймағымыздағы қоғамдық оқиғалардың бел ортасында жүретін ағамыз туралы айтарымыз көп. Таңды таңға атырып тізе берсек те болады. Бір қызығы, ол кісі мемлекеттік қызметшілерге дәріс оқығанда әрқашан ұлттың кемелденуін, ұлттық идеологияны алға тартып, ешбір техника бере алмас дүниелерді Серік Хамзаұлы барынша насихаттауға тырысты. Сол абыройлы қызметін абыроймен тәмамдады десек әбестік болмас. Былтыр ғана филиал ұжымы Серік Хамзаұлын зейнетке шығарып салған едік. Ал бүгін ұлы ұстаздың туған күнін ерекше ықыласпен жариялағымыз келеді. Құрметті һәм ғиззатлу Серік аға! Мерейтойыңызбен құттықтай отыра, зор денсаулық, ашық аспан, толағай табыстар тілейміз. Өңір саясатын тиімді түрде жүзеге асыруға қосқан сүбелі үлесіңіз әлі де өз жемісін, артынан жеңісін беруіне тілектеспіз. Жарқын сәтке толы күндеріңіз көп болғай, ғасыр жасаңыз!