13 қазан 2021 жыл. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің шетел тілдері факультетінде Аударма теориясы және тәжірибесі кафедрасының меңгерушісі Салтанат Сергалиевнаның ұйымдастыруымен «Современные образовательные технологии: актуальность, опыт, практика» атты оқытушылар мен студенттерге арналған семинар өтті. Семинардың арнайы қонағы ретінде филиалымыздағы Білім беру бағдарламаларын іске асыру және ілгерлету кабинетінің меңгерушісі Азамат Төлешұлы Жансейтов шақырылды. Семинар барысында заманауи білім берудегі небір түйткілді мәселелер қозғалып, тыңдаушылардың қызығушылығын оята білді.

