Түстіктен теріскейге көші-қон бағдарламасының тиімділігі көп. Алайда оның басқа да өзекті мәселелерді шешудегі тиімділігін назарға алып, өңірді дамытудағы серпіліс болмақ. Олай болса аталмыш тақырыпқа қызығушылық танытқан мемелекеттік, азаматтық қызметтегі тұлғалардың қатысуымен екі күндік семинар бастау алды.
Семинарды жүргізетін сертификатталған арнайы тренерлер:
ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалының доценті Болат Сыздық
ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Қолданбалы зерттеулер және халықаралық әріптестік орталығы директорының орынбасары Әсемгүл Мұсатаева.