Жаңалықтар

Шахмат ойыны аса жоғары зейінділік пен интеллекті қажет етеді. Әсіресе адамның стратегиялық ойлауына үлкен көмек болса керек.

Осы орайда Қазақстан Рспубликасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалы және мен ҚР мемлекеттәк істер жөніндегі агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті бірлесе отырып ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай шахмат турнирін ұйымдастырды. Аталмыш турнирге ұйымдастырушыларды қоса алғанда қоса алғанда, академияның арнайы сырттан шақырылған лекторлары да қатысты. Өзге турнирден айырмашылығы, әр жұпқа 10 минут қана уақыт беріледі. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда», – демекші, кез-келген жарыс болған соң өз жеңімпазы да шығары анық. Тартысты өткен бұл ойында жеңіске жеткен академия филиалының Білім беру бағдарламаларын іске асыру және ілгерлету кабинетінің меңгерушісі Ғазиз Мұхитұлы Қосыбаев жеңске жетті. Қатысушыларға академияның арнайы алғысхаттары мен естелік сыйлықтар табысталды.