26.11.2021 ж. Мемлекеттік қызметке алғаш кіргендер үшін ұйымдастырылған үш апталық қайта даярлау курсы өз мәресіне жетті. Академия талабы бойынша, қазіргі заманда мемлекеттік қызметкердің бойында болу керек құзыреттіліктерді үйретуге бағыттап, жобалық менеджментті меңгерту басты бағытта болды. Соның нәтижесі ретінде, курс құрамы 4 топқа бөлініп өз жобаларын сәтті қорғап, әділ-қазылар алқасының жақсы деген бағаларына ие болды. Себебі барлық жоба «SMART» жоспарға сәйкес келіп, бүгінде өзекті мәселелердің шешімі ретінде танылды. Қорғау соңында түлектер академияның филиал ұжымына жылы лебіздерін білдірді.
#переподготовка #госслужба #академиягосуправления #сертификат #проект