Ағымдағы жылдың 19-23 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметкерлерге арналған біліктілікті арттыру семинарларын бастап кетті.
Қазақстан Республикасының азаматтарының бойында бәсекелестік қасиетін дамыту «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының басты бағыттарының бірі. Ал ақпараттың қайнаған заманында үнемі дамып отыру басты шарт десе де болады. Әсіресе білімнің салтанат құруында Дегенмен бұл құзіреттіліктерді мемлекеттік қызметкерлер бойынан көбірек табылғаны абзал. Себебі мемлекеттің дамуының негізгі күші солар десе де болады. Осы орайда академия басшылығы мемлекеттік қызметкерлерге арналған келесідей семинарларды бастап кетті:
- 19.10-21.10.2020 ж. ҚЫЗМЕТТІ БАСҚАРУ ЖӘНЕ ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАУ. Бұл семинардың мақсаты- мемлекеттік органдардағы басқару проблемалары мен технологияларын, басқарудың негізгі функцияларын зерделеу. Басқару шешімдерін дамыту және іске асыру, мақсат қою, басқару технологияларын тиімді пайдалану, ақпаратпен жұмыс істеу. Практикалық қызметте нәтижелі басқару құралдарын пайдалану бойынша ұсыныстар әзірлеу дағдыларын дамыту. Латын графикасына негізделген ресми жазылым коммуникативті дағдыларын үйрету. Аталмыш семинарды өткізетін Академияның профессоры Әділ Иманұлы Тазабеков және оқытушы Ерзат Молдабекұлы Ермағамбетов.