Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалы Әкімшілік бөлімінің іс жүргізушісі лауазымына білікті кандидатты іздейді.

Сіз филиалдың іс қағаздарын әдістемелік басқаруды ұйымдастыруды қамтамасыз етесіз.
Сізге іріктеуден сәтті өту үшін мыналар қажет:
• Білімі: жоғарғы, орта арнайы білім.
• Кәсіби құзыреттіліктер мен жеке қасиеттер: орындағыштық, тиімді шешім қабылдау, ынтымақтастық пен серіктестік, әлеуетті арттыру, ұйымдастырушылық және жауапкершілік, білім беру қызметтерінің тұтынушыларына бағыттылығы
.• Қазақ және орыс тілдерін жетік білу, сонымен қатар ағылшын тілін білу де абзал.
Егер сіз өзіңізді осы лауазымға барынша лайықты кандидат деп санасаңыз, филиал қызметіне өз үлесіңізді қосуға және бізбен бірге үздіксіз дамуға дайын болсаңыз, өз түйіндемеңізді krg.info@apa.kz электрондық мекен-жайына 2022 жылдың 07 ақпанына дейін жолдауыңызға болады.