» Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясына ОҚУҒА ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ АЯҚТАЛДЫ!

Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясына ОҚУҒА ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ АЯҚТАЛДЫ!

Биыл мемлекеттік басқару Академиясына оқуға тапсырған үміткерлердің саны – 744 адамды құрады. Солардың ішінде негізгі талаптарға сәйкес құжаттарды ұсынғандардың саны – 430.
Құжаттарды қабылдау 2020 жылдың 1 қаңтарынан 10 шілдеге дейін жүзеге асырылғанын еске саламыз!
‼️Коронавирус пандемиясына және карантин жағдайына байланысты биылғы жылы конкурстық іріктеудің барлық кезеңдері, яғни, құжаттарды www.apa.kz сайты арқылы «АИС Плтонус» жүйесінде қабылдаудан бастап, әңгімелесу және мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтауға арналған тестілеу кезеңдерінінің барлығы
онлайн-режимде өтеді.
Карантиндік шаралардың күшеюіне байланысты және оқуға тапсырушылардың денсаулығына қауіп төндірмеу үшін, Академия үміткерлерге ағылшын тілі бойынша тестілеуді Duolingo платформасы арқылы ОНЛАЙН тапсыруға және 086-у медициналық анықтамасын 2020 жылдың 1 тамызына дейін ұсынуға мүмкіндік берді.
?2020 жылдың наурыз айынан бастап ашық есік күндері, эссе жазу және зерттеу жұмыстары бойынша мастер-класстар, кеңестер, тікелей эфирлер онлайн-режимде ZOOM және MS Teams, Instagram, Facebook, YouTube платформалары арқылы өткізілді.
Барлық үміткерлерді іріктеудің бірінші кезеңінен өтуімен шын жүректен құттықтаймыз және сәттілік тілейміз!
✅Құжаттарды сәтті тапсырған үміткерлер іріктеудің келесі кезеңдерінен ОНЛАЙН режимде өтетін болады!
?БАРЛЫҚ ҮМІТКЕРЛЕРГЕ СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІЗ!