Осы жылы конкурстық іріктеу 15 маусымнан 12 шілдеге дейін ОНЛАЙН ЖӘНЕ ОФФЛАЙН ФОРМАТТА өтеді. Іріктеу келесі кезеңдерден тұрады:

-кезең: эссе жазу;

-кезең: кейсті шешу;

-кезең: құзіреттіліктерді бағалау (Ассесмент-орталық құралы);

-кезең: мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде өтетін сұқбат.

Оған қоса, конкурстық іріктеудің 3-, 4-кезеңдеріне конкурстың 1- және 2-кезеңдерінен өткен тұлғалар жіберіледі. Академияға оқуға қабылдау туралы шешім конкурстық іріктеудің төрт кезеңінен сәтті өткен үміткердің қорытынды бағасы негізінде қабылданады.

Қорытынды баға конкурстық іріктеудің төрт кезеңінің нәтижелерін жеке есепке ала отырып, оларды қосу арқылы алынған балдардың жиынтығын білдіреді. Екі немесе одан да көп үміткердің қорытынды баға балдары тең болған жағдайда сұқбат нәтижесінде жоғары балл жинаған үміткер оқуға қабылдану артықшылығына ие болады.
Қорытынды баға балдары, соның ішінде сұқбат нәтижелері тең болған жағдайда оқуға қабылдау туралы шешімді Қабылдау комиссиясы қабылдайды.

Сонымен қатар, біз ЕМВА және ЕМРА бағдарламаларына құжаттар тапсыратын үміткерлер ТЕК БІР КЕЗЕҢНЕН — үш тілде (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) жүргізілетін сұқбаттасудан өтетіндігін естеріңізге саламыз. Оның барысында оқуға түсушілердің жеке, кәсіби құзіреттіліктері анықталады. Аталмыш бағдарламалар жөнінде барлық ақпаратты сіздер
#өндірістенқолүзбейоқу хештегі бойынша таба аласыздар.
Оқуға түсуге қатысты сұрақтарыңызды

8(7172) 753395 телефон нөміріне хабарласу немесе

+7 (701) 881 12 03 WhatsApp нөміріне жазу арқылы қоя аласыздар.
___________