ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына кезекті Жолдауына ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалының қызметкерлері үн қосты.
К.ю.н., доцент Сыздық Б.К. БІЛІМ МЕН ДЕНСАУЛЫҚ – ҚОС АРНАДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ МЕН САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУГЕ Жолдауда айрықша назар аударылған.Білімнің сапасы мен бұл саланың мөлдірлігі, тазалығы, ашықтығы тек министрдің, мұғалім мен оқытушының, директор мен ректордың ғана жауапкерлігінде емес, әрбіріміздің мойнымызда екенін айқын сезінсек, іс алға жылжымақ.Білім мен денсаулық саласының жағдайына мен де, сізде жауаптымыз. Оқуға таза жолмен түсейік, оқуды таза оқиық, білімді тереңнен, тұнықтан алайық. Осы жолда тығыз әрі адал әріптестікте болайық.Денсаулық сақтау саласының өзіндік түйткілдері жетіп артылады. Олардың шешілуін күтіп отырмай, әрбіріміз салауатты өмір салтын ұстанып, өзіміздің осы саладағы білімізді жетілдіріп отыруымыз қажет.Менің өмірімнің көп бөлігі кітап оқуға, оқығанымды жұртқа таратуға арналып келеді. Әлі де осы жолда болармыз деп үміттенемін. Апта сайын жолдастарыммен біргет таусеруенге шығамын. Зиянды әдеттерден біртіндеп арлып келемін.САЯСИ ЖАҢҒЫРУ ЖӘНЕ АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУПрезидент: «Соңғы екі жылда біз бұл салада бірқатар елеулі өзгеріс жасай алдық. Митинг өткізу үшін алдын-ала ескерту қағидаты жазылған жаңа заң қабылданды, партиялардың Мәжіліске өту шегі 5 пайызға дейін төмендеді, сайлау бюллетеньдеріне «бәріне қарсымын» деген баған қосылды» — деді.«Заң сергектерге қызмет етеді» деген сөз бар. Құқық қорғау саласында жаңа үрдістер бой көрсетуде. Біраз жыл бұрын жиі кездесетін құқықбұзулар азайған, олардың сипаты өзгерген. Қазіргі арыз-шағымдар мүлде басқаша сипатта. Енді осы қарқынды, осы жағымды үрдісті ұстап қалу маңызды. Бұқараның құқықтық сауатын ұдайы көтеріп отыру керек. Биылғы шілдеде күшіне енген Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің өзі неге тұрады?! Мемлекеттік органдармен қарапайым халық арасындағы дауларды шешудің жаңаша қағидаттары, соны алгоритмі іске аса бастады.Мен осы Кодексті түсіндіру жұмысымен айналысудамын. Өзге де құқық салалары бойынша кеңес беремін.Доктор философии (PhD), доцент Мусатаева А.А.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында өңірлік саясатты жетілдірудың басым бағыттарына айрықша назар аударылған.Біріншіден, бұл – «Ең алдымен адамдар» қағидатына сәйкес жергілікті әкімдіктердің тұрғындармен тікелей қарым-қатынасын оңтайландыру, әкімдердің халық алдындағы жауаптылығын арттыру. Оны іске асырудың тиімді құралы ретінде халықтың тікелей пікіріне бағдарланған әкімдердің жұмысын бағалау тәсілінің оңтайландырылуы болмақ.Екіншіден, әлеуметтік-экономикалық дамудағы теңсіздікті азайту және өңірлердің қаржылық дербестігін арттыру. 2020 жылдан бастап шағын және орта бизнестен түсетін корпоративті табыс салығының жергілікті бюджетке берілуіне қарамастан, өңірлердің басым бөлігінің қазіргі таңда дотациялық болып отырғаны белгілі. Осы тұрғыдан, мемлекет басшысы бюджеттік қаржыландыруды оңтайландыру, өңірлердің салық базасын кеңейту, жергілікті бизнестің дамуына жағдай жасау мәселелерін жалғастыруға баса назар аударып отыр.Үшіншіден — жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту. Мұнда халықтың жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге қатысуын белсендендіру, елді мекендердің абаттандыру, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын дамыту және «Адамдар инфрақұрылымға» қағидатына сәйкес жергілік жерде инфрақұрылымды жаңғырту үшін арнайы бағдарламаларды әзірлеу, жоспарланған жобаларды жалғастыру маңызды болуда.Көзделген реформаларды тиімді іске асыру өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін арттыруға ықпал етеді деген сенімдеміз.