Жаңалықтар

«Парасаттылық мектебі» жобасын жүзеге асыру шеңберінде

18.05.2020 ж. ZOOM платформасында онлайн режимінде ҚарМТУ студенттерімен, ақпараттық-ағартушылық штабының өкілі, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалының оқытушысы ??‍? Сулейменова Алтынай Ислямовна қатысуымен «парасаттылық мектебі» жобасын жүзеге асыру шеңберінде, қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, жоғары адамгершілік, жауапты, адал, парасатты бастамашы азамат және елдің патриотын қалыптастыру және дамыту мақсатында кездесу ұйымдастырылды.

Алтынай Ислямовна студенттерге сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектілері, мүдделер қақтығысын құқықтық шешу туралы айтып, саяси, қоғам қайраткерлерінің дәйексөздерін келтірді. Студенттер талқыланған тақырыптарға қызығушылық танытып, қойылған сұрақтарға толық жауап алды.