Піл сауырлы Қарағандының қоғамдық-саяси өмірінде осы бір басылымның орны ерекше. Небір түйткілді мәселелерді шешуде, облыстың әр түкпіріне жылдам ақпарат жеткізуде 90 жыл бойы толассыз қызмет етіп келеді. «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі»- деген Ахмет Байтұрсынұлының осы бір нақыл сөзі #OrtalyqQazaqstan газетінің басты кредосына айналғандай. Халыққа ақпарат таратушы, жұртшылықтың сауатын ашушы, жалпы елдің көкейіндегісін жеткізуші құралға айналды. Талай қарымды қаламгерлерге үлкен мектеп болғаны бөлек әңгіме. Ендеше Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалы облысымыздың бас басылымын 90 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтайды. Осы айтулы күнде газет ұжымы мен басшылығына алдағы уақытта да халық үшін аянбай қызмет етіп, күннен-күнге гүлденуін тілейміз. Әрқашан да халықтың сүйікті басылымы болып қала беріңіздер!
OrtalyqQazaqstan газеті
