Орталық сайлау комиссиясының бастамасымен Дүниежүзілік сайлау күніне арналған Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі мен сайлау құқығын танымал етуге бағытталған республикалық акция басталды.
Бүгін ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалының базасында акция аясында тыңдаушылар «Қазақстан Республикасының сайлау жүйесін жетілдіру» тақырыбында ашық пікірталас өткізді.