Осыған орай Филиал қабырғасында жаңадан сайланған ауыл әкімдеріне арналған «Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін трансформациялау» атты курс бастау алды. Сонымен қатар, «Жобалық менеджмент. ISO 21500 бойынша сертификаттауға дайындық» тақырыбында толыққанды курстан өтпек. Бұл тақырыптардың маңыздылығына жылдам өзгеріп жатқан заман ахуалы айғақ. Барша тыңдаушыларға зейін тілейміз!