Ситуациялық тапсырмаларды шешу кезеңінен кейін үздік үміткерге Құзыреттерді бағалау кезеңінен өту үшін онлайн-платформада тіркелу ашық болады. Олардың әрқайсысы ұсынылған нұсқалардың ішінен рәсімнен өту күні мен уақытын таңдай алады.
Тіркеу бірінші кезектегілер қағидаты бойынша жүзеге асырылады, ал тіркелмеген үміткерлер онлайн платформада рәсімдер кестесіндегі бос «терезелерге» автоматты түрде бөлінеді.
Бұл кезең бағалау блогынан тұрады:
– ассессмент-орталық;
– құзыреттер бойынша сұхбат.
Ассессмент-орталық оффлайн форматта өтеді.
Құзыреттерді бағалаудың осы блогы топтық және жеке жаттығулардан тұрады, процесс барысында үміткерлердің мінез-құлқын сертификатталған сарапшы бағалаушылар бақылайды.
Құзыреттерді бағалауға барлығы кемінде 20 сертификатталған бағалаушы мен 5 сырттай бақылаушы (супервизор) тартылатын болады.
Ассессмент-орталық рәсімінің ұзақтығы 6-дан 8 сағатқа дейін созылады.
Ассессмент-орталықтың нәтижелері бойынша әрбір үміткерге қысқаша есептер жасалып, олар рәсім өткен сәттен бастап 20 жұмыс күннен кешіктірілмей үміткерлердің жеке кабинеттерінде орналастырылады.
Нәтижесінде құзыреттерді бағалаудың келесі блогы – Құзыреттер бойынша сұхбатқа ең жақсы нәтижелер көрсеткен үміткерден артық емес үміткер жіберілетін болады.