Жаңалықтар

«Мықты филиалдар – мықты Академия – кәсіби мемлекеттік қызмет»

2020 жылдың 29 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалында кездесу өтті «Мықты филиалдар – мықты Академия – кәсіби мемлекеттік қызмет», ?академия филиалдарының құрылғанына 3 жыл толуына арналған.

?Кездесуге қатысқандар: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл және Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов, академия филиалдарының директорлары (онлайн), Академияның Қарағанды облысы бойынша түлектері, магистранттары мен докторанттары, президенттік Жастар кадрлық резервінің резервшілері, «Болашақ» халықаралық бағдарламасының түлектері, «үздік мемлекеттік қызметші».
?Филиалдарда оқытудың әдіс-тәсілдері түбегейлі өзгерді. Алдымен профессорлық-оқытушылық құрам конкурс арқылы іріктелді. Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйым өкілдер тарапынан сарапшылар сараланды. Олар үнемі өздерін шыңдап отырады.
?Біліктілікті арттыру семинарлары Құзіреттіліктердің бірыңғай шеңберіне негізделген жоспар-кестеге сәйкес жүргізілсе, қайта даярлау курстарының оқу жоспары бірыңғай 80 де 20 сызбасы бойынша жүзеге асырылуда. Курс пен семинардың контенті мен форматы жергілікті мемлекеттік қызметшілердің өңірді дамытудың өзекті мәселелерін нәтижелі шешуіне мүмкіндік беретін кәсіби құзіреттіліктерін ескере отырып жасақталады.
?3 жыл ішінде өңірдегі филиалдарда еліміздегі 70 мыңға жуық мемлекеттік қызмет саласының өкілдері курстар мен семинарларда өз біліктіліктерін арттырды.
Филиал қызметкерлері мемлекеттік қызмет саласын жетілдіруге бағытталған зерттеу жобаларын жүргізуде де белсенділік танытуда.
?Филиал қызметкерлерінің 80 пайызға жуығы Академияның 2020-2023 жылдарға арналған Стратегиясында белгіленген бастамаларды табысты жүзеге асыруға өзіндік үн қосуда.
Мықты мемлекеттік қызметші – мықты мемлекеттік орган. Мықты мемлекеттік орган – мықты мемлекет! Академия Филиалдары өзгермелі әлемде басқаруды үйретеді!