Жаңалықтар

MIND MANAGER КӨМЕГІМЕН БАСҚАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУ

Кез-келген ұжыммен жұмыс кезінде басқарушылық шешім қабылдау әрқашан үлкен жауапкершілікті қажет етеді.

Әсіресе мемлекеттік қызмет саласында. Осы орайда Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметкерлерге арналған «MIND MANAGER КӨМЕГІМЕН БАСҚАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУ» атты семинар-тренингі бастау алды. Мерзімі: ағымдағы жылдың 12 -14 қазан аралығы. Ондағы мақсат Mind Manager арқылы басқару шешімдерін қабылдау кезіндегі дағдыларды арттыру. Сонымен қатар уақытты барынша үнемдеу (жаңа материалды қабылдау кезінде де, бұрынғы оқығанды қайталау/еске түсіру кезінде де), мәселені шешу кезінде оны неғұрлым толық және көлемді түсіну, шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін арттыру. Үш күнге созылатын бұл семинарда Академияның аға оқытушысы Азамат Төлешұлы Жансейтов және оқытушы Ерзат Молдабекұлы Ермағамбетов дәріс оқиды. Интеллект карталарын құру принциптері, зияткерлік карталар мен электрондық кестелер, Mind Manager-дің негізгі параметрлерінен басқа, латын графикасына негізделген ресми жазылым дағдыларын меңгертетін бұл семинардың тағы бір ерекшілігі: семинар аяқталғаннан кейін 2 апта ішінде семинар-тренингтен кейінгі сүйемелдеу (consulting) жүргізіледі. Барлық білім алушыларға ашық зейін тілей отыра, талаптарына нұр жаусын!