⠀

Құжаттарды сәтті тапсырып үлгерген үміткерлерді тағы бір мәрте құттықтаймыз!
⠀

2020 жылдың 14-31 ШІЛДЕ аралығында үміткерлер Академия платформасында жазылым, сұхбат, тыңдалым, лексика және грамматика дағдылары бойынша Мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтауға бағытталған #QazResmiTest ТЕСТІЛЕУІНЕН өтеді.
⠀
В1 деңгейінен төмен нәтижеге ие болған үміткерлер Академияның қашықтан оқыту курстарына немесе басқа да тіл орталықтарының курстарына жазыла алады.
⠀

Тест ҚҰРЫЛЫМЫ (ҰЗАҚТЫҒЫ-30 минут):

ЖАЗЫЛЫМ — 10 минут (Үміткер электронды кітаптан мақал-мәтел, танымал адамдардың баяндамасынан бір сөйлем жазып, бір-бірімен қисынды байланысқан 5 сөйлемге өз көзқарасын дәлелдеп жеткізуі қажет. Стиль – ресми-іскерлік)

ТЫҢДАЛЫМ — 7 минут (1,5-2 минуттық видеоның негізгі идеясын түсіндіру)

ЛЕКСИКА ЖӘНЕ ГРАММАТИКА — 10 минут (Синоним, антоним, омоним, фразеологизмдердің лексикалық мәнін анықтау мақсатында әзірленген 10 тест сұрағына жауап беру)

СҰХБАТ — 3 минут (Берілген сұрақ бойынша өз көзқарасын білдіру, нақты жауап беру, қажетті ақпаратты түсіну, сұраққа талдау жасау)

ResmiQazTest нәтижелері қорытынды бағалауға әсер етпейді және тек ұсынымдық сипатқа ие.
⠀


Айта кету керек, тест тапсыру барысында осы процестің барлығы аудио, видео түрінде бейнебақылау арқылы жүргізіледі. Қосымша құралдарды, ұялы телефонды және басқа да эл.құрылғыларды пайдалануға, веб-камераны жабуға, микрофонды өшіруге ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ. Компьютердің техникалық мүмкіндіктері мен Интернет жылдамдығы үшін (кемінде 5мб/сек) үміткер жауап береді.
⠀

Қосымша ақпарат:
+7 7172 75 33 95
+7 7172 75 34 43
+7 702 467 81 51