Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің VI отырысында ұсынған 6 бастамаға ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалының оқытушылар құрамының пікірі.

Болат Кенелұлы Сыздық,
ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалының доценті
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің VI отырысынан замана ағымына сай өзекті ойлар естідім.
ҰҚСК-нде өзіміз тікелей танитын бірнеше азамат бар. Солардың айтқан пікірлері тыңдалып, ұсыныстары ескеріліп жатқанына қуанамын.
Кеңестің басқа да мүшелерінің салмақты ой, сарабдал пікір айтып жатқанына күмән жоқ. Тұтастай алғанда Ұлттық кеңес өзінің миссиясын біршама жақсы атқарып жатыр. Соның бірі жастар саясатына, жастардың болашағына қатысты. Осы мәселе бойынша мемлекеттік қызметшілердің жаңа толқынына семинар-тренинг өткізіп жүрміз. Сонда мемлекеттік қызметшілермен пікірлесіп, жастарға кім жатады, олардың қандай проблемаларына баса назар аударған жұрыс деген мәселелерді талқылаймыз. Президент Қ-Ж. К. Тоқаевтың Кеңестің VI отырысындағы сөзінде осы мәселелерге қатысты айтылған ойлар төменде жұрт арасында айтылып жүрген пікірлермен үндеседі.
Бұл – «еститін» мемлекет тұжырымдамасының шынайы іске асып жатқанының бір көрінісі.
В.Иноземцевтің «Жармақ өркениет» («Расколотая цивилизация») кітабында әлем елдерін екіге жаратын жік білім мен білімсіздік шекарасы арқылы өтетіні дәйектелген.
Біздің елде де осы салаға, осы мәселеге әсіресе жастардың білімі мен құзыреттілігіне назар аударылуы құптарлық. Сонымен жастарға кім жатады? Осы сауалға жауап ізделуде. Қазіргі уақытта жас кім, ересек кім, қартаң адамдар кім деген сауалдар жаһандық ауқымда да маңызды. Өйткені түрлі себептермен 35-40 жасқа дейін де жастық кезеңнен шыға алмай жүретін адамдар саны артып келеді. Сондай-ақ бүшінгі күні не жасқа, не кәріге жатпайтын, жаңа буын, яғни 50-75 жас аралығындағы адамдар мәселесі де өзекті. Қазақстан жағдайында соңғы мәселе әзірге онша өзекті емес болып көрінеді. Бұл мәселені де тікелей талқылаудың кезегі келері анық.
Елдің болашағы жастардың қолында дейміз. Сол болашақтың тұтқасын берік ұстау үшін жастардың ерте бастан тынымсыз ізденіп, оқып, зерттеулер жүргізіп, жұмыс істеп, тәжірибе жинақтап, батыл қарекеттер страгиясын басшылыққа алуы қажет.
Жастардың жас мөлшерін 35-ке дейін көтерудің бірнеше астары бар. Бұл әрине оларды инфантилдікке ұрындырмауы тиіс. «Жас болсаң да бас бол» дегендей, бүгінгі жастар отбасын құруды, бала-шаға өсіруді кейін шегере бермегені жөн. Кім болса да ертең белгілі бір жасқа жеткенде жан-жағында немере-шөбере шүпірлеп жүретін болуын да осы бастан ойланғаны жөн. Медицианлық түұрғыдан ертерек үйленген дұрыс босла, әлеуметтік тұрғыдан әбден пісіп-жетіліп, ақыл тоқтатған кезде үйленген жөн. Шындығында «алтын ақиқат» осының ортасында. Жастардың мәселесі тек үйленіп, отбасын құрумен шектелмейтіні мәлім. Оларға сапалы білім, қызықты жұмыс, табысты кәсіп, мағыналы бос уақыт, көңілді де қауіпсіз саяхат, дер кезінде саяси-әлеуметтік сахнаға шығуға мүмкіндектер қамтамасыз етілуі керек.
Сол үшін жастар саясаты аясында оларға жайлы да жақсы баспана беру, замана талабына сай қызықты жұмыс орындарын ашу бағдарламалары әзірленуі керек. Сонда жастар да өздерін ел үшін қажетті де пайдалы сезініп, бойындағы күш-қуатын Отан үшін жұмсауға ұмтылмақ. Біз ұлдарымыз бен қыздарымыздың өз бақыттарын туған елі – Қазақстанда табуына барынша алғышарттар жасауға тиіспіз.
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің кезекті отырысынан түйген ойлардың бір парасы осы.
****
?Е. Ермағамбетов ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалының аға оқытушысы.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің VI отырысында қазіргі таңдағы көптеген өзекті мәселелерді қозғап, олардың шешу жолдарына айқын бағыт беріп отыр. Сөз басында елімізде соңғы екі жылда ауыз толтырып айтар жетістіктеріне тоқталды. Алайда, жылдам дамып келе жатқан заман ағымына сай болу керек. Себебі өркениет дамыған сайын, халық сұранысы да артып келеді. Тіпті жас ұрпақтың, балалардың кейбір сұраныстарын қанағаттандыра алмаудамыз. Осы орайда, тілге тиек еткім келетіні, Мемлекет алдында тұрған ірі мәселенің бірі – Білім беру саласының өзекті мәселелерін шешу. Осы тұрғыда М. Әуезовтың «Ұлым деген ел болмаса, елім еген ұл қайдан тусын» деген тәмсілі еске оралады. Расымен, ақпараттың қолжетімді заманында қазіргі ұрпақтың талғамына жауап бере аламыз ба? Білім сапасынан бөлек білім алуға жағдай жасалған ба(мектеп пен колледж, ЖОО-дар ғимараттары)? Урбанизация салдарынан халық саны өсіп, мектеп ғимаратына деген мұқтаждық өсіп келеді. Тәуелсіздік жылдардан бері өңірімзде 56 салынғанымен, халық санының өсу қарқынына ілесе алмауда. Сонымен қатар, Жоғары оқу орындарының монополистілігі бәсекеге қабілеттілікті кенжелетіп тұрғаны рас. Алайда тек бәсеке бар жерде ғана ұлы өзгерістер болары хақ.
Соңғы кездерде әлемде, елімізде орын алып жатқан оқиғалар оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңыздылығын туғызуда. Демек, осы уақыт талабын орындау, алдымызда тұрған сын-қатерге төтеп беру үшін, білім салсына, оның материалдық жағына өзгерістер енгізу кезі жетті. Мемлекет басшысы кеңес мүшелеріне ұсынған алты бастаманың екінші тарауында Білім саласындағы осы аталған мәселелерді шешуді тапсырды. «Кез-келген адамның бәсекеге қабілеті оның білім деңгейіне тікелей байланысты. Әрбір азаматтың өмір бойы сапалы білім алуына қажет жағдай жасау – мемлекеттің міндеті.»- деген болатын. Олай болса мемлекетіміз даму бағытында ұстанған осы бір маңызды бағытты үнемі жетілдіріп отыру – басты шарт.