Жаңалықтар

«Коммуникация өнері. Көрнекілік дизайны.»

Бәсекелестік заманында қабілеттеріңді үнемі жетілдіріп отыру басты талап болып табылмақ. Осы тұрғыда Академиямыз заман талабына сай білім беру процесін тоқтатқан емес. Осы орайда филиал қабырғасында пандемия басталғаннан бергі алғашқы офлайн режимдегі «Коммуникация өнері. Көрнекілік дизайны.» атты семинары бүгін 2021 жылғы 21 маусым бастау алды.
?Филиалда қызметкерлердің, білім алушылар мен өзге де келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін COVID-19 белгілері анықталған немесе аталмыш індетке қатысты мәртебесін анықтайтын«Ashyq»жобасы іске қосылды. Барша білім алушыларға жоғары зейін тілейміз.