Жаңалықтар

ДОСТАР! Бүгін Мемлекеттік басқару академиясына МАГИСТРАТУРА мен ДОКТОРАНТУРАҒА оқуға түсуге ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАУ басталады!

??Академия 2 жылдан бастап жұмыс өтілі бар барлық мемлекеттік қызметшілерді оқуға түсуге ШАҚЫРАДЫ!
?Магистратура мен докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша 2022 жылға ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ Академияның ақпараттық жүйесіне (www.apa.kz) электрондық құжаттарды жүктей отырып, ОНЛАЙН форматта жүзеге асырылады.
?ОНЛАЙН ТІРКЕЛУ үшін ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР:
1) Мемлекеттік органның жолдамасы, ол болмаған жағдайда оқуға қабылданғаннан кейін ұсынуға рұқсат беріледі (тек мемлекеттік тапсырыс бойынша оқуға түсушілер үшін)
2) Білім туралы құжаттың көшірмесі (қосымшасымен бірге)
3) QAZAQ RESMI TEST немесе ҚАЗТЕСТ сертификаты
4) Ағылшын тілін меңгеру деңгейін растайтын халықаралық сертификаттардың бірі (*PIPPLET, IELTS, TOEFL, TOEIC, APTIS)
5) Еңбек қызметін растайтын құжат
6) Зерттеу жұмысы жоспарының жобасы – research proposal (докторантура бағдарламаларына түсушілер үшін)
7) Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі
? ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық өтініш.
Барлық сұрақтар бойынша байланыс нөмірі:
☎️8 (7172) 753395