Жаңалықтар

Бүгін «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік – процестік кодексін» түсіндіру шеңберінде сұрақ-жауап форматында дөңгелек үстел өткізілді

Бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалының қызметкерлерімен «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік – процестік кодексін» түсіндіру шеңберінде сұрақ-жауап форматында дөңгелек үстел өткізілді, 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттік орган мен оған қатысты осы мемлекеттік органның заңмен белгіленген функциялары жүзеге асырылатын қызметкер арасында туындайтын қоғамдық-құқықтық қатынастарды реттеуге бағытталған Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің жаңа редакциясы күшіне енеді.