Кез келген мансап ең әуелі тиісті жоғары білім алумен байланысты екендігі белгілі. Мемлекеттік қызметшілер үшін, әдетте, өзекті сұрақтардың бірі келесідей:
ӨЗ БІЛІМІМ МЕН ДАҒДЫЛАРЫМДЫ АРЫ ҚАРАЙ ҚАЛАЙ ЖЕТІЛДІРУГЕ БОЛАДЫ?
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНА ОҚУҒА ҚАЛАЙ ТҮСУГЕ БОЛАДЫ?
Академияға оқуға түсу үшін 3 негізгі талап бар:
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ӨТІЛІНІҢ БОЛУЫ (кемінде 2 жыл);
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ БІЛУ;
АҒЫЛШЫН ТІЛІН БІЛУ.
(Ағылшын тілі талап етілмейтін магистратураның Executive MBA «Іскерлік әкімшілік», Executive MPA «Мемлекеттік басқару» білім беру бағдарламаларынан басқа. Бұл бағдарламалар туралы ақпаратты #өндірістенқолүзбейоқу хештегі арқылы оқи аласыз)
БІРАҚ, ЕГЕР СІЗ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ БОЛМАСАҢЫЗ, алайда мемлекеттік басқару саласында білім алғыңыз келсе, онда Сіздің Академияда ақылы негізде оқуға мүмкіндігіңіз бар!
2021-2022 ОҚУ ЖЫЛЫНДА АҚЫЛЫ НЕГІЗДЕ ОҚУ ҚҰНЫ:
«Магистратура» бағдарламасы бойынша (шетелдік тағылымдама мен шәкіртақыны есептемегенде іштей оқу нысаны) – 2 248 100
«Докторантура» бағдарламасы бойынша (шетелдік тағылымдама мен шәкіртақыны есептемегенде іштей оқу нысаны) – 2 315 700
«Магистратура» бағдарламасы бойынша (шетелдік тағылымдама мен шәкіртақыны есептемегенде модульдік оқыту нысаны) – 1 885 904
«Магистратура» бағдарламасы бойынша ЕMBA «Іскерлік әкімшілік» (шетелдік тағылымдама мен шәкіртақыны есептемегенде модульдік оқыту нысаны) – 2 213 702
Академияға оқуға түсу үшін Қазақстан мен әлемнің кез келген нүктесінен WWW.APA.KZ сайты арқылы ОҚУҒА ТҮСУ бөлімінен ОНЛАЙН түрде құжат тапсыруға болатындығын естеріңізге саламыз!