Жаңалықтар

Біздің мемлекет талай нәубетті бастан кешірді, талай сын сағаттарда бірлігіміздің арқасында тығырықтан шыға білдік.

Кешегі зобалаң індеттің өзінде елдігімізді сақтап, жоғары сауаттылық көрсетіп, тәж тажалды аластай алдық десек артық емес. Сондықтан қазіргі таңда біздің сүйікті де ыстық отанымыз қиын жағдайға тап болды. Талабын қойған бейбіт шеруді пайдаланып, өздерінің теріс пиғылдарын жүзеге асырған қылмыс топтары еліміздің елдігіне нұқсан келтіргелі тұр. Осы сындарлы сағатта мемлекет басшысы елдің тұрақтылығын сақтауға бар күш-жігерін жұмсауда. Сонымен қатар қабылданып жатқан әрбір батыл шешімдері ел игілігіне бағытталған. Осыны түсіну керек деп ойлаймын. Себебі бізге алтын ұямыз отан қымбат, еңсесі биік егемендігіміз қымбат. Текті жұрттың ұрпағымыз ғой, сондықтан сабырға келіп, арандатуға бармайық. Тәртіп болған жерде, кез-келген дүние тез реттеледі.

Ерзат Ермағамбет
ҚР Президенті жанындағы МБА Қарағанды облысы бойынша филиалының аға оқытушысы.