Жаңалықтар

БАҚ қызметкерлері күні

Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынов: «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек. Газеті жоқ жұрт басқа газеті бар жұрттардың қасында құлағы жоқ керең, тілі жоқ мылқау, көзі жоқ соқыр секілді» деген. Расымен осы ойдың құндылығы өз мәнін бүгінгі таңда да жоймаса керек. Себебі бүгінгі ақпараттың қайнаған заманында хадлықты ақпаратпен қамтамасыз етуде журналистердің орны ерекше. Керек кезде халықтың мұң мұқтажын жеткізе білетін, халық пен билік арасындағы алтын көпір деп айтсақ дәл келеді. Олай болса осы бір қаламның ұшымен һәм сөздің күшімен сөз майданында аянбай қызмет етіп жүрген БАҚ қызметкерлерін осы бір кәсіби мерекелерімен құттықтағымыз келеді. ? Әрдайым өңіріміздің өміріне етене араласып жүрген журналистерге толағай табыс, мол денсаулық тілеп, жазар көбейсін дегіміз келеді.