Жаңалықтар

Ағылшын тілінен тест IELTS, TOEFL және APTIS

??Қайырлы күн! Өздеріңіз білетіндей, Академия ағылшын тілінің деңгейін растау ретінде IELTS, TOEFL және APTIS халықаралық тест орталықтарының сертификаттарын қабылдайды. Дегенмен, COVID-19 пандемиясының төңірегінде туындаған жағдайларға байланысты барлық тест орталықтарының, IELTS, TOEFL, APTIS Британдық кеңесінің жұмысы уақытша тоқтатылған болатын.
 

??British Council ұйымының жұмысы қайта іске қосылғандықтан, тестілеуге алдын ала тіркелген барша үміткерлер кестеге сәйкес Нұр-сұлтан және Алматы қалаларында Aptis тестін тапсыра алады. Биылғы жылғы тестілеу бағасы 21 000 теңгені құрайды. Әлемде орын алып жатқан төтенше жағдайға байланысты, бірқатар шетелдік университеттер оқуға қабылдау кезеңінде жүргізілетін конкурстық іріктеуді онлайн форматта өткізуде.
✅Осы жағдайды ескере отырып, Академия IELTS, TOEFL немесе APTIS стандартталған тестілеу нәтижелерін ұсына алмайтын үміткерлер үшін, қосымша мүмкіндік, яғни, тілдік деңгейді анықтауда Duolingo English Test емтиханының нәтижелерін де қабылдауға шешім қабылдады.
? Оқуға тапсыру сәтінде үміткерлерде Ағылшын тілін меңгеру деңгейін растайтын келесі құжаттардың бірі болуы қажет, мысалы:
▪️IELTS — кемінде 4.0;
▪️TOEFL PBT кемінде 437;
▪️TOEFL IBT кемінде 41;
▪️DUOLINGO тестілеуінен кем дегенде, IELTS 4.0 эквивалентіне сәйкес — 55 балл;
▪️Жоғарыда көрсетілген сертификаттар болмаған жағдайда — төрт дағды бойынша (оқылым, тыңдалым, тілдік дағды, жазылым) APTIS тілдік тестілеуін тапсыру қажет.
❗️Duolingo тестілеуінің құны 49 АҚШ долларын құрайды (бұл бүгінгі күні шамамен 19 мың теңге).
??Дорогие читатели! Как известно Академия, в качестве подтверждения владения английским языком принимает сертификаты международных тестовых центров IELTS, TOEFL и APTIS. В связи с непредвиденными обстоятельствами в результате пандемии коронавирусной инфекции COVID-19, деятельность всех тестовых центров как и других организаций была ВРЕМЕННА приостоновлена, включая администраторов тестов IELTS, TOEFL и АPTIS Британского Совета.