2020 ж. 14-18 қыркүйек ҚР Президентің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры Байбосынов Серікжан Берікбайұлы, Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Құсайын Ерлан Бейсембайұлы бастаған ведомствоаралық комиссия құрамында жұмыс сапарымен Жезқазған, Сәтбаев және Қаражал қалаларында болды. Әлеуметтік сала, кәсіпкерлік, өнеркәсіп кәсіпорындарының, ауыл шаруашылығы, экология, құқық қорғау органдары және прокуратура өкілдерімен бірлесе отырып, мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды.