1995 жылдан бері бұл атаулы мерекеге айналғаны қашан. Тәуелсіздік алғаннан 4 жылдан соң. Жаңадан егемендік алып, еңсесін енді көтеріп, жарқын болашаққа қарай бағыт алған мемлекетіміздің негізгі тірегіне болды. Тіпті Егемендік деп аталатын елеулі ұғымның діңгегі. Иә, сол Конституциямызға биыл 25 жыл толып отыр. Ширек ғасырлар бойы мемлеттің дамуына, бір ту астына біріккен халқымыздың баға жетпес қазынасы ғой. Олай дейтініміз – ең бірінші, мемлекет ретінде жеке адамға аса құрметпен қарайтындығында. «Оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп бірінші бапта жазылған. Үшінші бапта «Мемлекеттік биліктің бірден бір бастауы – халық» дейді. Олай болса, ұйыған айрандай татулығымыз бен қарқынды дамып келе жатқанымыз да халқымыздың бір Ата заңды құрметтеуде жатыр деу артық болмас. Осы орайда Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалы баршаңызды осынау айтулы күнмен құттықтайды. Керуен де керуен жылдардың сынына төтеп беріп, мемлекетіміздің дамуына өз септігін тигізе беруіне тілектеспіз.
30 тамыз – Қазақстан Республикасының Ата заңы, яғни Конституция күні.
